Қылмыстық атқару жүйесінде бетперде тігіп жатыр

0 16

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Аршалы кентінде орналасқан ЕЦ-166/5 түзеу мекемесіне барды.Министр Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Т.Мұханбеджанов, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Ж.Ешмағамбетов, «Еңбек» РМК бас директорының міндетін атқарушы Д.Айтжанов және департамент басшылығымен бірге мекемені аралап көрді. ІІМ Департамент бастығы, әділет полковнигі Е.Ақылжанов қызметкерлер мен тұтқындар арасында COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар туралы айтып, бақылау-өткізу пунктінде қолды өңдеуге арналған антивирустық, симптоматикалық препараттар мен дезинфекциялаушыларды көрсетті. Сотталғандардың туыстарымен қысқа мерзімді кездесулер мен байланыстарды азайту бойынша шаралар қабылданған, кездесу тек бейнекөрсетілім арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар мекемеге келу талаптары мен санитарлық-эпидемиология­лық бақылау күшейтілді, қызметкерлер мен жазалаушылар қызметке медициналық маска киіп келеді, ал мекемелердің бақылау-өткізу пункттерінде медициналық қызметкерлер жаңа келген адамның дене температурасын өлшейді, тиісті журналға тіркейді. Департаменттің бөлімдерінде мекеменің күнделікті тәртібі өзгерді, сотталғандардың оқшаулануы барынша қамтамасыз етілді, тексерістер жүргізілді, сотталғандар үшін мәдени шаралар жабылды. Мекемедегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметі, сондай-ақ мекемелердегі оқу залдарының жұмысы тоқтатылды. Сотталғандар мекемелерде кітап оқиды. Вирустық аурулардың белгілері анықталған жағдайда адамдарды уақытша оқшаулау үшін карантин бөлмесі дайындалған.
Сондай-ақ Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Еңбек» РМК-ның жұмысымен танысты. Министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыс­тық-атқару жүйесінің мекемелерінде, оның ішінде «Еңбек» РМҚК ЕС-166/5 және ЕС-166/10 елордалық мекемелерінде қорғаныс маскаларын тігу бойынша жұмыстар ұйымдастырылған болатын. Қорғану бетперделерін тігуді жаппай іске қосу мақсатында барлық өңірлердің ҚАЖ мекемелерінде тігін цехтарының қызметі жандандырылды, мыңнан астам тігін станоктары мен машиналары іске қосылды, олардың тәуліктік өнімділігі 50 мыңды құрайды. Бүгінгі таңда қазақстандық колонияларда 130 мыңнан астам бетперде өндірілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + fifteen =