Қылмыс деңгейі төмендеді

0 41

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Президентке еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндалды. Бас прокурор төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.Сондай-ақ Президентке ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыс­тар туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =