Қыдыр Атамен көктемді қарсы алды

0 176

Елордадағы №37 «Арман» балабақшасында «Қош келдің, әз Нау­рыз!» тақырыбында ертеңгілік өтті. Бұл балаларға ұлтымыздың дәстүрін құрметтеуге, наурыз туралы түсініктерін кеңейтуге көмектеседі.

Балабақша меңгерушісі Р.И.Абдрахмановның жетекшілігімен ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның қысқаша мазмұнына тоқталатын болсақ, Алапат құйын келіп жайдары жарқыраған күнді жасырып қояды. Балалар қатыгез құйынның жүрегінде мейірімділік оятпақшы. Олар би билеп, ән салады, алты жасар бүлдіршін Айзере Махамбетова домбыра тартып, өнерімен Құйынды таңғалдырады. Құйын сонда да жылы күнді қайтарғысы келмейді. Амалы таусылған балалар Қыдыр атаның көмегіне жүгінеді. Қазақтың хас батырларын ерте келген Қыдыр ата алапат құйынның жүрегін жұмсартып, оны көктемгі самал желге айналдырады.

Баян Сайранқызы,

балабақша әдіскері

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + thirteen =