Құжаттарды қабылдау электронды форматқа көшеді

0 102

24b480add3673de4f8a8b6ddb04

Қала құрылысы және сәулет мәселелері бойынша өткен кеңесте елорда әкімі Әсет Исекешев өзінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунға Астана қаласында жобалау мен құрылысқа рұқсат беру процедураларын айтарлықтай жеңілдетуді және оның айқындылығын қамтамасыз ететін оңтайлы алгоритм әзірлеуді тапсырды.

Алдағы уақытта қала құрылысы және сәулет басқармасының қызметтері барынша қолжетімді болады. Осы мақсатта қызметтерді электронды форматқа көшіру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, «Электронды сәулет» базасы жасалады.
Осылайша, «эскиздік жобаларды келісу», «сыртқы жарнама орнату», жобалау мен құрылысқа рұқсаттар, реконструкцияға шешімдер беру сияқты қызметтерді ұсыну барысында әкімшілік тосқауылдар қысқартылады. Жалпы, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметінің субъектілеріне басқарманың 25 қызметін пайдалану үшін электронды канал ашылады.
Қызметтердің жаңа форматы кезең-кезеңмен енгізілмек. Бүгінде эскиздік жобаларды келісу бойынша электронды қызмет пилоттық режимде ұсынылып жатыр, қалған қызметтер жақын арада электронды форматқа көшірілмек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × three =