Құжатсыз күнің қараң…

0 21

Жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып жатқан, құқықтық мәртебесі реттелмеген адамдардың анықталуына байланысты ІІМ басшылығының тапсырмасы бойынша Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасын­дағы босқындар істері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Жоғарғы комиссарының Басқармасымен бірлесіп, мәртебесі реттелмеген адамдарды Қазақстан Республикасының азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарын ресімдеу үшін кең ауқымды акция өткізуде. Ішкі істер органдары Үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтап, көші-қон қызметі олардың мәртебесін анықтауда көмек көрсетіп, ҚР азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарын ресімдейтін болады.Қазақстан Республикасында жарамсыз құжаттары бар адамдардың тұру фактілерін анықтау жалғасуда. Құжаттардың болмауы адамдардың өздерінің конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын шектейді. Олар қажетті жәрдем­ақыларын ресімдей алмайды, білім, денсаулық сақтау қызметтерін пайдаланбайды, басқа да мемлекеттік қызметтерді алмайды. Кеңестік Социалистік Республикасы Одағы кезіндегі паспорттарын уақтылы ауыстырмаған Қазақстан азаматтарымен қатар ТМД елдерінің мерзімдері өткен құжаттары бар адамдар бар. Жыл басынан 1974 жылғы үлгідегі қызыл паспорттары негізінде 867 адам құжаттандырылды, 2019 жылы – 1 мың 727 адам. Сонымен қатар біз анықтаған адамдардың едәуір саны Қазақстан Респуб­ликасының азаматтары болып танылмайды, олар Қазақстанға ТМД елдерінен көшіп келгендер, бұл ретте олар келген мемлекеттер осы адамдарды өз азаматтары ретінде мойындамайды. Мысалы, Қостанай облысында ер адам 30 жыл бойы құжатсыз тұрған. Садчиковка кентінің тұрғыны КСРО ыдыраған соң, ұзақ уақыт бойы 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты бойынша тұрған, оны кейіннен жоғалтып алған. Осыған орай, ағымдағы жылғы тамыз айында ол тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінген, онда оған ҚР азаматының жеке куәлігін ресімдеуге көмек көрсетілді.
Қарағанды облысында 46 жастағы әйел және оның ұлы ұзақ уақыт бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып жатыр. Қазіргі уақытта әйелге қатысты туу туралы куәлігін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Осы әйел ҚР азаматының жеке куәлігін уақтылы ресімдемегенін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес ол жеке басын куәландыратын құжатты алмаған адам ретінде Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтауға жатады. Осыған байланысты 2020 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы ПД КҚҚБ-ға оның Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау бойынша материал қарауға қабылданды. Ұлының туу туралы куәлігін қалпына келтіру және одан әрі оған жеке куәлікті ресімдеу мәселесі анасының жеке басын куәландыратын құжаттарын алған соң шешіледі (фотосуреті бар). Көші-қон қызметі комитеті әкімшілік кедергілерді жою, көші-қон саласында Қазақстан азаматтарына және шетелдіктерге айтарлықтай қолайлы жағдайларды жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап айтқым келеді. Осылайша, ағымдағы жылдың басынан туризм, жеке немесе қызметтік істер бойынша мақсатпен Қазақстанға келген шетелдіктердің міндетті тіркеуі жойылды. Олар визада көрсетілген барлық мерзім ішінде көші-қон қызметінде тіркеусіз біздің елде бола алады. Қазақстанға визасыз келу тәртібі бар елдердің азаматтары отыз күн ішінде, ал ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ – Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей) елдердің азаматтары 90 күн ішінде бола алады. Ұзақ мерзімге келгендер – жұмыс істеуге, оқуға және т.б. уақытша тұруға рұқсатты ресімдеуге болады, ол бір жыл мерзімге беріледі және одан әрі ұзартуға болады. Рұқсатты Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе электронды үкімет порталы арқылы электронды түрде алуды жоспарлаудамыз. Қазір «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациямен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, біздің ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізудеміз. Қазіргі кезде көші-қон қызметі көрсететін мемлекеттік қызметтердің көп бөлігі автоматтандырылғанын атап өтемін. Мысалы, азаматтарға ең қажетті қызмет – тұрғылықты тұру жері бойынша тіркелу және тіркеуден шығу. Бүгінгі күні азаматтарды тіркеу үшін құжаттар пакеті қысқартылды, жеке куәлік қана талап етіледі (бұрынғыдай тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар, бұрынғы тұрғылықты жерінен келу және кету мекенжай парақтары, азаматтарды тіркеу кітабы, тұрғылықты жерге тіркелу үшін мемлекеттік баж, әскери міндеттілерге әскери билет талап ету жойылды). Азаматтар ХҚКО жүгініп, сондай-ақ электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса «электрондық үкімет» порталы арқылы ала алады. Тіркеу тұрғын үй иесінің келісіміне сәйкес жүзеге асырылатынына байланысты тұрғын үй жекеменшік иесінің құқығын растайтын мәліметтерді біз ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде «Жылжымайтын мүлік тізілімі» деректер қорынан аламыз. Сонымен қатар М-GOV немесе «Мобильді үкімет» мобильді қосымша арқылы бірреттік парольді пайдаланып азаматтарды тіркеу мүмкіндігі енгізілді (ұялы телефонға смс-хабарлама келіп түскен түрде). Ол үшін өзінің ұялы телефонына m-gov қосымшасын жүктеп, азаматтардың мобильді базасында тіркелу қажет. Анықтама ретінде: 2020 жылы (8 айда) тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша ҚР-дың 1млн 155 мың азаматы тіркелді, оның ішінде тұрақты – 998 мың 810, уақытша – 156 мың. Тіркелген азаматтардың ішінде портал арқылы – 429 мың 327 (немесе 37%); тұрақты – 374 714 азамат, уақытша 54 613 азамат тіркеуді ресімдеді. Көші-қон қызметтерін электронды форматты алу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ұдайы жұмыс жүргіземіз. Мысалы, қазіргі уақытта виза санаттарын кеңейту мүмкіндігі пысықталуда, олар электронды форматта берілетін болады (қазір ол тек іскери мақсатпен келу үшін, туризм және емделу үшін визаларға қолданылады). Паспортты және жеке куәлікті ресімдеуге электронды өтінімді беру үшін негіздердің тізбесін кеңейту жоспарлануда. Жаңалықтың бірі – ол жеке адамдардың үй шаруашылығында жұмыс істеуі үшін келушілерге (еңбекші) рұқсат беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру. Қазір рұқсат алу үшін шетелдіктер қалалық, аудандық полиция органдарына немесе Көші-қон қызметтері орталықтарына жүгінеді, олар облыстық орталықтарда ғана бар. Маусымнан бастап қанатқақты жобаны іске асырудамыз, осы қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін болады, ол осы процесті елеулі жеңілдетеді.

С. СЕЙІТЖАНОВ,
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті
төрағасының орынбасары

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − nine =