©2020 Астана Ақшамы
Құжат қолданысқа енбек
2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Үкімет қарауына ұсынылды. Енді, осы тұжырымдаманы іске асыру жоспарын бір ай ішінде дайындау міндеті тұр. Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешов мәлім етті.
«Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы қазірде Үкімет қарауына ұсынылды. Енді бұл тұжырымдаманы іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет. Бұл жоспарда нақты міндеттер, оларды жүзеге асыру жолдары айқындалуы тиіс», – деп атап өтті Н.Өтешов.
Ол мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары бірлесе жұмыс жасауы қажет деген пікірін білдірді: «Мемлекеттік органдар жастар саясатынан шет қалмай, араласуы қажет. Тұжырымдаманы іске асыру жоспарын әзірлеуге мемлекеттік органдар ат салысса дейміз».
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ