«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құтқарушыларға алғыс айтты

0 60

Қарлы боран күндері ТЖД қызметкерлері елордада 200 адамды құтқарды. Олардың ішінде 52-сі – балалар. Ал былтыр жылдам әрекет етуінің арқасында 400-ден астам адамды құтқарып қалған. Осыған орай, қала әкімі Алтай Көлгінов оларға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Сондай-ақ ТЖД қызметкерлерін қолдау мақсатында тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

03744ae95e20a4e00997c04c9279e32d_1280x720

 

– Өз тарапымыздан жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау үшін тиісті шаралар қабылдаймыз. Атап айтқанда, автопаркке 60-тан астам арнайы техника берілді, Байқоңыр ауданында өрт сөндіру депосы салынды. Сондай-ақ тағы 3 өрт сөндіру депосын саламыз, олардың екеуі елді мекендерде орналасады.

Қазақстандық тұрғын үй компания­сы желісі бойынша ТЖД қызметкерлері үшін жеке санаты бар жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Сонымен қатар тұрғын үй сертификатының сомасын ұлғайттық. Бұл шаралар тұрғын үйге үміткер ретінде қатыса алатын құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің санын ұлғайтуға мүмкіндік берді, – деді қала әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды