Құтқарушылар дайындығы қалай?

0 34

Елордада апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған оқу-жаттығулары өткізілді. Іс-шараға 31 техника мен 131 адам қатысты.

image-06-10-21-08-24
image-06-10-21-08-24-1
image-06-10-21-08-24-2
image-06-10-21-08-24-3
image-06-10-21-08-24-4
image-06-10-21-08-24-5
image-06-10-21-08-24-6
image-06-10-21-08-24-7
image-06-10-21-08-24-8
image-06-10-21-08-24-9
image-06-10-21-08-24-10
image-06-10-21-08-24-11
image-06-10-21-08-24-12
image-06-10-21-08-24-13
image-06-10-21-08-24-14
image-06-10-21-08-24-15
image-06-10-21-08-24-16
image-06-10-21-08-24-17
image-06-10-21-08-24-18
previous arrow
next arrow

«Бүгін біз апат кезіндегі арнайы тактикалық жаттығулар өткіздік. ЖЭС-2 нысанындағы құтқару қызметімен және әкімдік қызметкерлерімен бірігіп, апаттық жағдайдағы іс-қимылдарды пысықтадық. Оқу-жаттығу жұмыстарына 31 техника мен 131 адам қатысты. 103 қызметі медициналық қызмет көрсетті. Өрт орын алып, түтін толған жерлерден құтқарушыларымыз жарақаттанған азаматтарды алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жаттығудың басты мақсаты – апаттық жағдайлардың алдын алу. Төтенше жағдайлар орын алса, бүгінгідей жедел жұмыс жүргізілсе, адам өлімі орын алмайды. Сондықтан біз апаттық жағдайларға әрқашан дайын болуымыз керек» деді ТЖД Төтенше жағдайды жою басқармасының басшысы Эльдор Райымбеков.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 2 =