«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құрылысы биыл бітеді

0 31

Елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың бірі – №3 жылу-электр орталығы. Жақында осы орталықтың құрылыс-монтаждау жұмысымен танысқан Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов аталмыш орталықтың құрылысы биыл аяқталатынын мәлімдеді. Қала әкімінің айтуынша, жыл сайын елордада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Біздің аймақта қыстың суық болатынын ескерсек, жылыту маусымы Нұр-Сұлтанда шамамен 7 айға созылатынын жергілікті жұртшылық жақсы біледі.

80e52cefc771fb63dfcc1f5389c2dd13+++

Жалпы №3 жылу-электр орталығының құрылысы осыдан 10 жыл бұрын басталған болатын. Содан бері тұралап қалған нысанның құрылысы былтыр қайта қолға алынды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет нысан құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді. Мердігерге биыл №3 ЖЭО-ның құрылысын аяқтауды тапсыр­дым. Келесі жылыту маусымының басында, нақтырақ айтсақ, 2022 жылдың күзінде №3 жылу-электр орталығының қуаттылығы сағатына 240 гигакалорияны құрайды. Ал 2023 жылдың қаңтарында – сағатына 360 гигакалория (440 Гкал/сағ дейін). ЖЭО қуаттылығы 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді» деді қала басшысы.

Бүгінгі таңда үш газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Олардың қуаттылығы сағатына 1600 гигакалорияны құрайды, бұл №3 жылу-электр орталығының қуатынан 3,5 еседен аса көп. Осылайша газ қазандықтары 22 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді қосымша жылытуға мүмкіндік береді.

«Сонымен бірге қолданыстағы жылу-электр орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілді: №1 ЖЭО және №2 ЖЭО-да су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды, сол сияқты қаланы газдандыру бойынша жұмыс әрі қарай да жүргізіліп жатыр» деді елорда әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды