Құрылыс сапасын бақылауға алды

0 6

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы барлық құрылыс учаскелеріне қоршаулар орнатылуы және оның дизайн-кодқа сәйкестігін тексеріп жатыр.Елордада қазіргі таңда 858 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мониторинг барысында 800 нысан белгіленген талаптарға сәйкес келетіні, ал 32-сінде сәйкес­тендіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны анықталды. Соның ішінде ереже бұзған 25 нысан басшылығы жауапкершілікке тартылған.
Мониторинг қаланы абаттандырудың теріс әсерін болдырмау, қаланы ластанудан қорғау, технологиялық процестер мен құрылыстың эстетикалық қалпын бұзбау үшін қолға алынды. Құрылыс алаңдарының периметрі бойынша және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес тиісті алаңдардың қоршаулар биіктігі екі метрден кем емес, мырышталған, боялмаған болуы тиіс. Қала көшелері мен ғимараттарын безендіруде талаптарды сақтау жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Айта кетейік, дизайн код – стилистикалық бірыңғай, ыңғайлы және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға болатын ережелер мен ұсыныстар жиынтығы. Құжат қалалық құрылысты жобалау мен дамытудың регламенттерін анықтайды. Бірыңғай сәулет стилінің параметрлері «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңында бекітілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − eight =