Құрылыс қашан бітеді?

0 54

Мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық аясында қалалық депутаттардан құрылған мониторингтік топ Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің құрылыс барысымен танысу мақсатында бас қалада салынып жатқан бірқатар білім беру нысандарын аралады.Депутаттар аралау барысында осыдан бұрын айтылған ескертулердің қалай түзетілгенін, сондай-ақ мердігерлер өз нысандарын дер уақытында тапсыруы сияқты мәселелерге баса назар аударды. Депутаттар алдымен Есіл ауданындағы Бұқар Жырау және №38 көшелердің қиылысында салынып жатқан мектепке барды. Мұнда мердігерлер қаржының жетіспеуінен кәріз желісін тарта алмай отырғанын жеткізсе, А.Байтұрсынов пен А-56 көшелерінің қиылысындағы мектепті салып жатқан компания да қаржы тапшылығынан су құбырларын тарту, жол жасау жұмыстарының ақсап тұрғанын айтып, осы мәселелер дер кезінде шешімін таппаса, құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқтауына зиянын тигізетінін атап өтті.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан 4 мектеп биыл пайдалануға беріледі, келесі жылы тағы екеуі пайдалануға беріледі. Әрқайсысы 2000 орынға есептелген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − fifteen =