Құрылыс қарқыны артады

0 14

Нұр-Сұлтанда «GLB» («Шар-Құрылыс») үй құрылысы комбинаты мен проб­лемалық деп танылған «Бағыстан», «Алтын шар» 1, 2, 3 тұрғын үй кешендерінің құрылысы қайта жанданды. 2020 жылы құрылыс мерзімін аяқтау жоспарланды.«Шар-Құрылыс» ЖШС бас ди­ректоры Жанна Бектемірованың айтуынша, мемлекет қол­дауының нәтижесінде комбинаттың кредиторлары мен кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы қарызы өтелді. Комбинат жылына 200-ден 250 мың шаршы метрге дейін тұрғын үй салады. Кәсіпорын жұмысы автоматтандырылған, сандық технологиялар мен модульдік құрылыстың қазіргі заманғы әдістерін қолдана жұмыс істейді. Қолданылатын жабдықтар Германия мен Австрия­дан алынған.
«Қолжетімді тұрғын үй санын арттыру – маңызды әрі өзекті мәселе. Қазір кәсіпорында 300 адам еңбек етіп жатыр. Жұмысшылар саны екі есе артады. Бұл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді. Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетеді және ғимараттарды салу мерзімін едәуір қысқартады. Сонымен қатар, құрылыс индустриясының дамуына серпін береді» деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Құрылыс мерзімі жыл, жыл жарым болса, заманауи озық технологияның арқасында көпқабатты үйді 4-5 айда салуға болады. 1 шаршы метрдің бағасы орташа есеппен 240-260 мың теңгені құрайтын болады, бұл тұрғын үйді қолжетімді етеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды