Құрылыс қараусыз қалмайды

0 79

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Сансызбай Есіловтың төрағалық етуімен «Депутат күні» отырысы өтті.

Күн тәртібінде Астана қаласы Құрылыс басқарамасының өткен жылдағы атқарған жұмыс барысы тыңдалып, 2013 жылға жоспарланған басты жобалар талқыланды. Құрылыс басқармасының бастығының бірінші орынбасары Константин Хван есепті баяндама жасады.

«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет жә­не спорт объектілері, сондай-ақ, қала абаттандыруын дамыту саласында жергілікті мемлекеттік бас­қару функцияларын орындауына қала әкім­­дігі­­мен уәкілетті атқарушы органымен болып табылады. Басқарманың негізгі қызметінің бірі – Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын құрылыстың тапсырыс берушісі қызметін атқарады. Қаладағы бірінші кезектегі әлеуметтік құрылыс нысандарын салу жос-парын әзірлеуге оны жүзеге асырады. Осы міндеттер шеңберінде басқарма 12 бюджеттік және 3 ағымдағы бағдарламалардың әкімшесі ретінде инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Атап айтқанда, қалалық Білім басқармасының сұранымына сай, мемлекеттің «100 мектеп», «Балапан» бағдарламасы аясында өткен жылы 64 инвестициялық бағдарламаны іске асырып, 5 мектеп құрылыс аяқталып, оқушылар игілігіне берілген. Бұл – Күйгенжардағы 400 орындық, Манас-Момышұлы көшелері қиылысындағы 1200 орындық, 1100 орындық №6 мектеп-гимназиясы, Ильинка кентіндегі 1200 орындық мектеп, №19 мектепке қосымша бірінші кезектегі құрылысы. Жалпы есеппен өткен жылы 4500 шәкірт жаңа мектеп табалдырығын аттаған. Жеті балалбақша құрылысы өткен жылы аяқталыпты.

«Білім беру нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша нақты бюджет 2012 жылы 9, 693 млрд теңгені құраған. Оның 7,862 млрд теңгесі республикалық бюджеттен – 1,831млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінген.

Осы мақсатта 2013 жылға – 10,4 млрд теңге бөлініп отыр. Үстіміздегі жылы 32 құрылыс нысанын бастау жобаланып отыр. Оның 12-сі мектеп болса, 20-сы – балабақша ғимараты. Жалпы 2017 жылға дейін 50 балабақша, мен 30 мектеп салу жоспарланған екен.
Денсаулық сақтау нысандарының құрылы­сы­на 2012 жылы бөлінген қаражат – 10,320 млрд.­ теңге. Бұл салада 25 инвес­тициялық жоба жүзеге асырылған. Оның жетеуі – екі құрылыс бойынша, 18-і жобалау бойынша.

Мәдениет ошақтары мен туризм және спорт нысандарының, әкімшілік ғимараттары құры­­лы­­сы да қарқынды жүріп, жоспарға сәйкес пай­­далануға берілген. Есіл өзенінің арнасын жөн­­деу, абаттандыру бойынша жоспарланған жұ­­мыстар жүзеге асырылған. Инженерлік-ком­­муникациялық инфрақұрылымы құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Бұл, әрине, атқарылған жұмыстардың бір тізбегі. Бюджет қаражатының қайда жұм­сал­ғаны жайында мағлұмат алған депутаттар баяндамашыға сұрақтарын қойды. Бұл бірінші кезекте пайдалануға берілген нысандардың сапасы тұрғысында айтылды.

Әлеуметтік нысандардың көлік тұрағы, абаттандыру мен кө­­галдандыру мәселелері де халық қалау­лы­ла­рының назарынан тыс қалған жоқ. Жалпы айтқанда, жаңа құрылыс нысанының қайсысы болмасын сапасы жақсы, халыққа жайлы, қаланың көркін келтіретін ғимарат болуға тиіс екендігі айтылды.

А.Уайсова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − eight =