Құрылыс барысын қадағалады

0 23

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қаладағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жайынан хабардар етті.

«Пандемия басталғаннан бері бірқатар қалалық кәсіпорындар медициналық маска тігуге кірісті. Өз тарапымыздан барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бүгін беттұмша тігуге кіріскен тағы бір кәсіпорынның жұмысымен таныстым. Қазір бұл кәсіпорын айына 2 млн маска шығарады. Толық өндірістік қуаты – айына 5 млн маска.
Инвестициялық кеңесте қолдау тапқан құбыр шығаратын зауыттың құрылыс барысымен таныстым. Ішкі нарықта осы материалдарға үлкен сұраныс бар. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жаңа нысандар салу, жерасты инженерлік желілерін ауыстыру және жиһаз фабрикасының құрылысы, т. б. кезінде қажет.
Бұған дейін инвестициялық кеңесте дәрі-дәрмектерді тарату орталығының (қоймасының), көтерме-тарату орталықтарының құрылысы да қолдау тапқан болатын. Пандемия мұндай жобалардың қажет екенін көрсетті. Әр инвестормен жұмыс істейміз. Инвестициялық кеңесте қолдау тапқан жобалардың ішінде инфра­құрылымдық, өндірістік, әлеуметтік, логистикалық және басқа да жобалар бар. Құрылыс жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады» деп жазды қала басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + one =