Құрылыс барысын бақылады

0 12

Премьер-министр Асқар Мамин биыл елорда күніне орай пайдалануға берілетін Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіл атлетика спорт кешені мен Қазақ драма театрының құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.Жеңіл атлетика спорт кешені еліміздің халық­аралық деңгейдегі спорт инфра­құ­рылымының басты нысандарының біріне айналады. Нысан Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында 9 га аумақтағы учаскеде салынып жатыр. Кешен 14 жүгіру жолы, ұзындыққа және сырықпен секіруге арналған секторлары бар атлетикалық ядро алаңынан, жолдарының ұзындығы – 25 м, ені 11 м бассейннен, екі кіріктірілген жүгіру жолы бар көтергіш платформамен жабдықталған 5х5 м өлшемді бассейннен, 36 орынға шақталған спортшыларға арналған қонақ үйден, атлетикалық залдан, ұзындығы 160 м жүгіру жолы бар жаттығу трегінен, ядро лақтыру, биіктік пен ұзындыққа секіру секторларынан тұрады. Мінбелер 6838 орынға есептелген.
Ал Қазақ драма театрының құрылысы А.Байтұрсынов, Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов және Сарыкөл көшелерінің арасындағы 6 га аумақтағы учаскеде жүріп жатыр. Ғимаратта 600 орындық үлкен зал, 200 орындық камералы зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы, гример бөлмесі және басқа да әкімшілік, техникалық, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер бар.
Үкімет басшысы барлық құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, нысандарды жоспарланған мерзімде пайдалануға беруді тапсырды. Нысандарды аралауға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы А.Есімов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі  А.Көлгінов қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды