Құрсаудағы қала

0 26

Мемлекет басшысының ше­шімімен 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында елордада демалыс аптасы жарияланды. Көшелердегі полиция қызметкерлері автокөлік иелерін тоқтатып, құжаттарын тексеруде. Автокөлік жүргізушілері таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 20.00-ге дейін ғана жүре алады. Бас қалаға кіріп-шығуға қатаң тыйым салынды. Қазіргі кезде әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді, базарларды, сауда үйлерін, әуежай мен вокзалдарды, қоғамдық көлікті дезинфекциялау жұмыстары жедел әрі қатаң жүргізілуде.
Елорда ауру жұқтырғандар саны жөнінен бірінші орында тұр. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда 302 оқиға тіркелсе, соның 168-і – елорда тұрғындары. Қауіпті дерттен жазылып шыққан 20 адамның 13-і – нұр-сұлтандықтар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + twelve =