ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР КІМДЕР?

0 142

Статистикалық ақпаратқа сүйенсек, ЭКСПО көрмесінде Ресей және Корея павильондары келушілер саны бойынша танымалдыққа ие. Ал өзіміздің «Нұр әлем» павильоны үздіктердің көшін бастап тұр.

Нақты айтсақ, шілде айының соңында Ресей павильоны 300 мыңыншы қонақты қабылдады. Санақ жүйесі бойынша астаналық Ардақ Аюпбаева мәртебелі қонақ атанып, оған сый-сияпат көрсетілді. Павильон ашылғалы бері көрші елдің көрмесін қызықтауға 300-ге жуық делегация келген.

Олардың қатарында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров, Ресейдің Энергетика минис­трі Александр Новак, Сауд Арабиясы патшалығының Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар минис­трі Халид Әл-Фалих, сонымен қатар бизнес, ғылым, мәдениет және өнер салаларының бір топ әйгілі қайраткерлері төбе көрсеткен. Оның өзіндік себебі бар. Өйткені көрме аясында 70-ке жуық іскерлік және мәдени бағдарламалар ұйымдас­тырылған екен.

Корея павильоны келушілер саны жөнінен Ресейден кейінгі орында тұр. Жуырда ғана 200 мыңыншы қонақты тіркеді. Оңтүстік Қазақстан облысының 38 жастағы тұрғыны Байболат Бейсенов 200 мыңыншы қонақ ретінде есте қалды. Корея павильонының директоры Бён Йонг Соп мырза Байболат Бейсеновты өзі құттықтап, LG G6 смартфонын сыйға тартты.

«Отбасымызбен бірге бірінші Корея павильонын тамашалаған едік. Аталмыш елдің озық технологиялары мен мәдени бағдарламасы көңілімнен шықты. Өзімнің құрметті қонақ атанғаныма, әрине қуаныштымын» дейді Байболат Бейсенов.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 9 =