ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

0 83

Астана қаласының мәслихаты Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бүгінгі күні еліміздің басты жетістігі бірлік пен келісім, сенімділік пен өзара түсіністік болып табылады. Біз жаңа даму кезеңінде де Қазақстанның көпұлтты халқының қол жеткізген осы құндылықтарын нығайта түсетініне әрі біздің ортақ болашағымыз болып табылатын береке-бірлікті сақтап қалатындығына сенімдіміз.

Осындай шуақты мерекеде ізгі ниетпен әр отбасына денсаулық, бақыт, құт-береке тілейміз.

С.Есілов,
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 9 =