Құрметті оқушылар мен түлектер!

0 76

Баршаңызды соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы соңғы қоңырау мерекесі ерекше жағдайда өтті. Оның себебі де баршамызға аян.Бірақ Сіздер қиын кезеңде табандылық пен төзім көрсетіп, білім алуға деген құштарлық танытып осы сында биіктен көріне білдіңіздер.
Бұл – қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас балалықтың бал дәуренін артқа тастап, үлкен өмірге жолдама алатын аяулы кезең.
Бойларыңа білім нәрін сепкен ұстаздарыңыз әрдайым қастарыңыз­да болды. Кейбіреулеріңіз болашақ мамандықтарыңызды таңдап үлгердіңіздер. Табысқа адал еңбекпен жетуге болады.
Сіздерге, ұстаздарыңызға, ата-аналарыңа денсаулық пен сәттілік тілеймін!
Сәт-сапар!

Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × two =