Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары!

0 36

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Өтіп бара жатқан жыл баршамызға оңай болған жоқ. Коронавирус пандемиясы барлық қазақстандықтардың өміріне өзіндік өзгерістер әкелді. Дегенмен қала тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында, біз бірлесе отырып осы кезеңнің қиындығын еңсере білдік! Алайда вирус толықтай кетті деуге болмайды. Ал жаңа сынақтар болып жатса, біз оны бірге жеңетінімізге сенімдімін!
Бүгінгі таңда қалада барлық сала бойынша даму көрсеткіші байқалып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Бұл – әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, мектеп салу, үлестік құрылыс нысандары, оңалту орталықтары, тұрғын алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және басқа да атқарылған жұмыстар. Осының бәрі – мемлекет басшылығының стратегия­лық бағыты мен халықтың бірлігінің арқасында қол жеткізген жетістіктер.
2021 жылға арналған жоспарларымызды жүзеге асырудың бағыты айқын. Алдағы жыл ерекше жыл – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы болмақ.
Осы жылдардағы жетістіктеріміз жаңа асуларды алуға серпін қосып, 2021 жыл жеңістерімізді еселей берсін! Шын жүректен баршаңызға бақыт, зор денсаулық, береке және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Құрметпен,
Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 13 =