Құрметті елорда тұрғындары!

0 42

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз осы жылдары Тұңғыш Президентіміз қалыптастырған стратегиялық саясаты мен ішкі бірлігінің арқасында биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға қол жеткізді. Еңселі елордамыздың өсіп-өркендеуі мен қаламызда атқарылған игі шаралар – мұның айқын дәлелі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басты міндет – әлеуметтік әділеттілік пен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті. Президенттің тапсырмасын орындап, қала халқының тұрмыс сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді.
Мерейлі мерекеңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!

Құрметпен,

Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − 3 =