Құрметті елорда тұрғындары!

0 34

Күн мен түн теңелген Ұлы мейрам — әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!
Бұл көктем мерекесін халық ерекше күтеді. Бұл күн бақ-береке мен бірліктің, молшылық пен тұрақтылықтың, татулық пен отбасы құндылықтарының нышаны.
Елбасы негізін қалаған елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы жыл өткен сайын өсіп, өркендеп келеді. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес астанамызда қолжетімді баспана көлемі үш есеге дейін артып, баспаналарын күтіп жүрген мыңдаған үлескерлердің мәселесі шешімін табады. Әлеуметтік және басқа да нысандар салу сияқты көптеген маңызды жұмыстар атқарылады.
Қазір әлем тосын сынақпен бетпе-бет келіп отыр. Өкінішке қарай бұл біздің елімізге де қатысты болып отыр. Нағыз бірлік пен сабырлықты танытатын кез. Келген жаңа жыл тыныштық пен береке алып келсін!
Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық, бақ-береке, амандық тілеймін!
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын!

Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − six =