Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

0 227

Елорданың депутаттық корпусының атынан Сіздерді кәсіби мереке – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Сіздердің қолдарыңызда «сөз» атты қуатты «қарудың» бірі бар. Журналистердің арқасында қоғам мен биліктің арасында «көпір» орнайды. Сіздердің адал еңбектеріңіз еліміздегі және басты қаламыз – Астанамыздағы тұрақтылық пен келісімнің арқауы болады.

Елордамыздың бұқаралық ақпарат құралдарының барлық қызметкерлеріне қызықты және жарқын мақалалар, журналистік шабыт тілейміз! Сіздерге жоғары рейтинг, кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

Еңбектеріңіз жемісті болсын! Қаламдарыңыз қарымды болып, шабыттарыңыз арынды болсын!

С.Есілов,
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × four =