Құрметті аналар мен аяулы арулар!

0 17

Сіздерді 8 наурыз – Халық­аралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ «Дананың өзі анадан» дейді. Ана – ақ сүт беріп мәпелеп жеткізіп, әрбір адамды тұлға ретінде қалыптастыратын, тәлім-тәрбие беретін, мейірімі мол жан.
Тәуелсіз еліміздің нәзік жандылары мемлекетіміздің жан-жақ­ты дамуына зор үлесін қосып, әртүрлі салаларда табысты жұмыс атқарып келеді.
Сіздер ел еңсесін көтерген елордамыздың көркеюі мен жастар тәрбиесіне белсене араласып, қоғамда ерен еңбек етіп келесіздер.
Шуақты мерекемен құттық­тай отырып, сіздерге зор денсау­лық, бақ-береке тілеймін!

 

Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды