ҚҰРМЕТТЕ СЕН ОНЫ

0 206

veteran

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай, Астана қаласында қайырымдылық акциялары мен әлеуметтік көмек көрсету шаралары бір ай бойы жалғасады. Бүгінгі ұрпақ өз тарихын ұмытпау үшін ардагерлермен кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары, мәжілістер, семинарлар мен патриоттық сабақтар жиі өткізілмек.

Соғыс ардагерлеріне «Қарағай» республикалық бейімдеу орталығына және басқа да емдеу мекемелеріне тегін жолдама берілетін болды. Денсаулығына байланысты үйінен шыға алмайтын ардагерлерге сый құрмет көрсету аудан әкімдіктеріне жүктелген. Сонымен қатар, білім мекемелерінің қатысуымен «Көктемгі шуақты күндер» атты кең көлемде акция өтеді.

Айта кеткен жөн, барлық ардагерлерге жергілікті бюджет есебінен тұрақты көмек көрсетіледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + seven =