Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құрмет төрінде – отан қорғаушылар

0 215

Елорда төрінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған көптеген шаралар өтті. Мекемелер мен кәсіпорындарда ардагерлер мен әскерилерге құрмет көрсетілді.

Осындай ізгі шараның бірін «Бәйтерек» монументі ұжымы ұйымдастырды. Тағылымды кездесуге шақырылған бір топ әскерилер мен Ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернационалистер монумент ішін аралап көрді. Жастар мен ұжым мүшелеріне еліміздің Қарулы күштері, Ұлы Отан со­ғысында көрсеткен жерлес­те­ріміздің ерлігі жайында та­ғылымды әңгіме өрбітті.
Астана қаласының Ауған со­ғысы мүгедектері мен ардагерлері одағының төрағасы Серік Кенжебеков елорданың сим­волына айналған «Бәйтерек» монументі ұжымына алғысын білдірді. Ал мерекелік дастарқан басына жайғасқан қонақтарды мекеме басшысы Мұрат Сапар­ғалиев құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Осындай игі шараның тағы бірін Есіл аудандық Ардагерлер кеңесі өткізді. «Rixos» қонақ үйінде өткен шарада аудан аумағында тұратын соғыс және еңбек ардагерлері бір көңіл көтеріп қайтты. Мерекелік дастарқан басында майдан әндері шырқалып, естеліктер айтылды. Аудандық кеңес төрайымы Рысты Атығаева ардагерлерді еліміздің ең қас­терлі мерекелері – Отан қорғау­шылар және Жеңіс күнімен құт­тықтап, зор денсаулық, баянды ғұмыр тіледі. Ал меймандар атынан Амангелді Сыздықов, Қуаныш Алпысбеков, Салман Героев және Мейрам Байғазин сынды ардагерлер тілектерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды