Құрғақшылықтан зардап шеккендерге көмектеседі

0 9

Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды. Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып, онда облыс әкімі С.Трұмовтың өңірдегі мал шаруашылығы саласында қалыптасқан ахуал және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі баяндамасын тыңдады.Премьер-министрге көп зардап шеккен Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарын жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай секілді көршілес облыстардан шөп жеткізу және өткізу жұмыстары жолға қойылған. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-пен жасалған келісімшарт аясында 1200 тоннадан астам арпа әкелінді, олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды. Сондай-ақ өңірде мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Фермерлік шаруашылықтарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жедел шешу және мониторинг жасау жөніндегі республикалық штабтың қарау қорытындысы бойынша Үкімет Маңғыстау облысында малдың аналық басына арналған азыққа жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге бөлді. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлік шаруашылықтарға қолжетімді бағамен көлемі 114,7 мың тонна дайындалған шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптас­тыруға, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы көлемі 56,3 мың тонна жем-шөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 7 =