Құрғақ шөпті жағу өте қауіпті

0 13

Құрғақ шөп, қамыс және қоқыстың жанудың негізгі себебі – азаматтардың отты қолданудағы абайсыздығы, адамдардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарауы болып табылады. Көбінесе шөпті өрттердің себебі орманда сөндірілмеген алау, өшірілмеген темекі тұқылы, көгалға тасталған, қоқыс пен қалдықтарды жағу, балалардың үнемі және қарапайым сіріңкемен ойнау еркелігінен болып жатады. Кейде желдің сәл екпініне кішкентай ұшқын, жарқыл немесе бықсыған көмірдің нағыз өртке айналуы үшін жеткілікті. Қатты жел тұрған кезде өрт тез өрбиді, қауіп тудыратын жағдайға еніп, жану ауданы кеңейеді.
Осылай демалыс күндері төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен қала тұрғындары мен бағбандық қоғамдарының тұрындарымен алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы: бірінші кезекте қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтауды, бұталар, ағаштар, ағаш құрылысқа жақын жерде шөп жақпау, алау жағу мен бақылаусыз қоқыс жағу, алауды жанып тұрған күйінде қалдыру, балаларды сіріңкемен ойнатпау, оларға құрғақ шөпті жаққызбау кажеттігін ескертеді. Оттың бір құрылыстан екіншісіне ауысып кетуін болдырмау үшін шаруашылық алаңдарын, гараж коорпоративтері ауласын құрғақ шөппен қоқыстан тазарту, жанып тұрған сіріңкені және темекі тұқылын тастау, күн шыққан мезгілде күн шуағын түсіріп тұтауы мүмкін орманда өздігімен жанатын материал мен шыны, әйнек қалдырмау қажет. Орман өрттерін анықтаған кезде қауіпсіз жерге барыңыз және орман шаруашылығы, өрт қызметіне және полиция қызметіне кызметкерлеріне дереу хабарлау қажет.
Өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ескеріңіз. Төтенше жағдайлар туындаған кезде 101 телефоны бойынша хабарлаңыз.

Б.Оразхан,
Алматы ауданы ТЖБ бас маманы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 16 =