Құрбандарға – тағзым

0 40

Кеше Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша COVID-19 құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды. Еске алу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз бүгін індеттен қаза болған отандас­тарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыс­тары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынты­мағымыздың арқасында бұл сы­нақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін» деп жазды твиттердегі парақшасында. Сондай-ақ Президент Үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдауға кіріскенін жеткізді. Ол дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − 6 =