Құрбан айт: шектеу шаралары

0 22

Биылғы мұсылман қауымының діни мерекесі – Құрбан айт 20-22 шілде аралығында өтеді. Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова дерттің асқынғанын ескере отырып, арнайы қаулыға қол қойды.Құрбандық шалу рәсімін онлайн, яғни qurban2021.kz сайты арқылы өткізу белгіленді. Сонымен қатар санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей, міндетті түрде маска тағуын, әлеуметтік қашықтықты сақтауын қадағалай отырып, арнайы бөлінген орындарда, яғни мал сою пункттерінде құрбандық шалу қарастырылған.
Мешіттер аумағында ашық аспан астында өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде айт намазын оқуға, Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық шараларды өткізуге және қатысуға, оның ішінде үйде де өткізуге тыйым салынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 2 =