Құрбан айт құтты болсын!

0 10

Ертең Құрбан айт басталады. Қалың жұртшылық күткен қасиет­ті мерекеміз биыл бүкіл әлемді дағдарысқа салған індетке байланысты ерекше жағдайда болмақ. Ең бастысы, шалған құрбандығымыз, ниет-тілектеріміз қабылдыққа жазылсын!Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының мешіттерінде 31 шілде күні айт намазы оқылмайды. Қоғамдық қауіпсіздікті, адамдардың көп жинал­мауын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында орналасқан дәстүрлі құрбан шалу орындары (базарлар, шаруа қожалықтары) жабық болады. Құрбандық тек онлайн шалынады. Осыдан бұрын құрбан шалатын қауымға қолайлы болуы үшін «qurban2020.kz» сайты іске қосылғанын хабарлаған едік.
Карантин жағдайына байланысты құрбандық малының үштен бір бөлігі құрбандық шалған адамға берілмейді, мұқтаж жандарға ғана таратылады. Мұқтаж жандар да «qurban2020.kz» сайты арқылы құрбандықтың етіне тапсырыс бере алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × one =