ҚҰРАМ ҚАЙТА ЖАСАҚТАЛДЫ

0 122

Павлодар қаласында бокстан ел біріншілігі мәресіне жетті. Осыдан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жасақталатын команданың жаңа құрамын жариялады.

18

Кіл мықтылар жұдырық­тастан ел боксшыла­рының үздігі он салмақ белгілі болды. Сонымен, жеңімпаздар мыналар: 49 келіде – Теміртас Жүсіпов, 52 келіде – Азамат Исақұлов, 56 келіде – Қайрат Ералиев, 60 келіде – Әділет Құрметов, 64 келіде – Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде – Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде – Әбілхан Аманқұл, 81 келіде – Жәнібек Әлім­ханұлы, 91 келіде – Антон Пинчук, 91 келіден жоғары – Олжас Боқаев.
Ұлттық құрамаға Қазақ­стан чемпионатының жеңім­паздарымен қоса, жастар ара­сындағы әлем чемпионатында ел абыройын асырған боксшылар кірді. Сонымен қатар, құрама Ержан Жомарт, Теміртас Жүсіпов, Қайрат Ералиев, Зәкір Сафиуллин, Антон Пинчук, Данияр Елеусінов, Василий Левит, Иван Дычко, Әділбек Ниязымбетов, Жә­нібек Әлімxанұлы сияқты тәжі­рибелі боксшылардан жа­сақталды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × five =