ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

0 130

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында Ашық есік күнін өткізді. Азаматтардың мүддесін қорғаудың тиімді үлгісі ретінде қалыптасқан қоғамдық қабылдаудың ең басты мақсаты – билік пен қоғам арасындағы пікір алмасу алаңын кеңейту, партияның тұрғындармен өзара байланысын нығайту және мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекетіне қоғамдық бақылауды жетілдіру.

«Бұл қоғам өмірінде партияның басымдылығын айқындап қана қоймай, алдағы онжылдықта атқарылатын барлық стратегиялық шаралардың негізін қаламақ. Мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдауды жүргізудің тағы бір оңтайлы тұсы қарапайым азаматтардың құзіретті органдарға қолжетімдігін арттырады» деді «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов.

Атаулы күні Астана тұрғындарының түйінді мәселелері тыңдалып, арнайы шақырылған Астана қаласы Әділет департаментінің жауапты қызметкерлері, заңгерлер, адвокаттар мен сот орындаушылары құқықтық көмек көрсетті.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − fifteen =