ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР ХАЛЫҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ БОЛУЫ ШАРТ

0 78

Жиын одан әрі қарай еліміз­де­гі қылмыс пен сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы тұру, есірткі зат­тарының заңсыз айналымы, аза­маттардың құқылары мен бос­тандықтары тақырыбында жал­ғасты.

Мінберде сөз алған ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың қаржы полициясы, сот орындаушылары мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне тағар міні, қояр талабы аз болмай шықты.

Алдымен Қаржы полиция­сының жұмысын сынға алды. Оның айтуын-ша, аталған меке­меден түскен кей мәлі­мет­тер бір шенеуніктің бір­не­ше рет жемқорлыққа бой ал­дыр­ғандығын көрсетіп отыр. Мә­селен, Астана қаласының фи­­­то­санитарлық бекетінің 3 қыз­мет­керіне пара алғаны үшін 39 мәрте іс қозғалған. Сондай-ақ, полицейлер Әмірова есімді азаматшаны 4 ай ішінде 6 рет есірткі сату үстінде ұстап, қылмыстық іс қозғаған. Ал, аталған мерзім ішінде Әмірованың қарапайым халыққа қаншама есірт­­­кінің сатып үлгергенін кім біл­­сін.­ Алайда, мұны ойлап жатқан еш­қай­­сысы жоқ.

Бас прокурордың мәліметінше, 2011 жылы Астана қаласының соты кісі өлтіру фактісі бойынша айыпталған Ботабаев дейтін азаматты ақтап шығады. Прокурорлар қарсылық танытса да, үкім өзгеріссіз қала береді. Ең сорақысы, арада көп уақыт өтпей-ақ сол Ботабаевтың Іле Алатауы ұлттық паркінде орын ал­ған жантүршігерлік қылмысты жүзеге асырған топтың құрамында бол­ғаны белгілі болады.

Асхат Қайзуллаұлы қазіргі кезде оған іздеу жарияланғанын, ал, оны кезінде ақтап алған судья­лар­дың ешқайсысы жауапқа тар­тыл­ма­ға­нын айтты.

«Кісі өлтіргені дәлелденсе де, сот­­талмаған ба?» деп нақтылап сұ­рады Президент.

«Ия, оның қылмысы дәлелденсе де, жазадан босатылды» деп жауап бер­ді Бас прокурор.

Елбасы Жоғарғы Сотқа мұндай бас­­сыздыққа тексеру жүргізуді тапсырды.

«Кісі өлтірген адамды бостан босқа жібере салған жоқ. Ол ақ­ша­­ның немесе таныстарының ар­қа­сын­да жазадан құтылды. Осыған жол­ берген адамды неге жұмыстан қу­мадыңдар? Бұл мәселені неге халыққа жарияламадыңдар?» деді Президент ҚР Жоғарғы Сотының тө­рағасы Бектас Бекназаровқа қа­ра­тып. Асхат Дауылбаевтың ай­­туынша, соңғы үш жыл ішінде про­­курорлардың қарсылығы бойынша 71 азаматқа қатысты заңсыз негізсіз ақтау үкімдеріне тыйым салынған.

Полиция қызметкерлерінің ман­са­бын асыра пайдалану дерегі де­­ жиі тір­­ке­ліп жүр. Айталық, тая­у­­да Шымкент қаласында жол по­­­ли­­циясының қызметкері көлік жүр­­гізушісін ешбір себепсіз тоқтатады. Жүргізуші оқиғаны өзінің ұялы телефонына түсіріп алмақшы болғанда, жол сақшысы автокөліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, жүргізушіге нөмірсіз көлікпен жүргені үшін айыппұл са­лады. Ол аздай, «жанжал шы­ғар­мақшы» болды деп өзіне жала жабады. Алайда, оқиға орнын­да бейнекамераға жазылған көрініс­тер­дің арқасында ғана жүргізуші «қызыл жағалылардың» жаласынан ақталып шығады.

«Біздің полицейлер халыққа қыз­мет­ ету үшін, оларға көмек көрсету мақ­сатында жұмысқа алынады. Алай­да, қолына куәлік тиісімен, өзін пат­шадай сезінеді. Өзіне жалақыны кім төлеп жатқанын ұмытып кетеді. Оны халық төлеп жатыр емес пе!» деді Мемлекет басшысы.
Біздегі 5 жыл оқып білім алатын полицейлердің қарапайым халық ал­дында өзін қалай ұстау керектігін біл­мейтінін сынға алды. Ал, Амери­ка­да небәрі жарты жыл ішінде даяр­ланған мамандардың заңға да, эти­калық ережеге де жетік екенін кел­тірді.

«Полиция ел азаматтарына қыз­мет етіп, көмек көрсету үшін жұ­мыс­қа алынды. Атап айтқанда, қа­­былданған жас қызметкерлерді тәр­биелеу керек» деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − fourteen =