Құқық пен тәртіп мәселелері талқыланды

0 44

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі отырысы өтті.Күн тәртібінде елорда аумағындағы көші-қон процестерін реттеу, сонымен бірге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мәселелері қаралды.
Нұр-Сұлтан қаласы ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының елорда аумағында Көші-қон процестерін реттеу бойынша жұмысы туралы Нұр-Сұлтан қаласы Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Баймұхамет баяндама жасап, шетел азаматтарының жағдайын реттеу мақсатында қаладағы көші-қон жағдайын күшейтуге бағытталған жұмыстарға тоқталды. Шамамен 1 мың азаматқа қызмет көрсетіліп, 2500-ден астам виза беріліп, ұзартылған. Дегенмен, орталықтың қазіргі уақытта заманауи талаптарға сәйкес келмейтінін, қосымша қиындықтар тудыратынын да мәлім етті.
Баяндамашы өзіне қойылған «шетелден келген студенттермен көші-қон мәселесінде қандай дайындықтар жүріп жатыр?» деген сұрақтарға: «Оқу орындары алдын ала бізге қолдаухаттарын не уәкілдерін жіберіп, бүкіл құжаттарын рәсімдеп, дайындық жүргізілді. Визалық қолдауға байланысты ешқандай қиындық жоқ» деп жауап берді.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Госман Жакин қоғамдық тәртіпті қамтамсыз ету мақсатында атқарылған іс-шараларға тоқталып, қала бойынша қылмыс деңгейінің төмендегенін, бірақ, кәмелетке толмағандар қылмысының азаймай отырғанын, әсіресе, Сарыарқа ауданында жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр­ғанын тілге тиек етті. Сонымен бәрге кәмелетке толмағандарға алкогольдік өнім сатудың 21 фактісі тіркелген.
Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының бастығы Ш.Қадырова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты азайту әлеуметтік маңыз­ды міндет екенін айта келіп, елордадағы 88 мектептің 17-сінде инспектор жоқ екенін келтірді. «Отбасы мен балалар проблемасын ерте анықтауға басымдық беріліп отыр, осы орайда қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы жұмыс істейді. 2019-2020 оқу жылында орталыққа қабылданған балалар саны 38,4 пайызға өскен. Салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш 2018-2019 жылдан 500 балаға көп. Орталықпен 2141 бала қамтылған, 16 отбасымен дағдарыс­тан шығуға бағытталған жұмыстар жасалуда» деді Ш. Қадырова.
Басшының айтуынша, биыл алғаш рет мобильдік топ жұмысы ұйымдастырылған. Балалар қонақ үйі мен 1409 сенім телефоны жұмыс істейді. 29 баланы және алдын ала тексеру кезінде 12 жасөспірімді кешендік сүйемелдеу жүзеге асырылуда. Оларға заңгерлік және әлеуметтік психологиялық көмек, 22 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға заңгерлік көмек көрсетілді. Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша міндетін тиісінше орындамаған ата-­аналарға шара қолданған мысалдарды да келтірді. Бүгінгі таңда полицияда есепте тұрған балалар саны – 153, оның 40,3 пайызы Сарыарқа ауданына тиесілі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 5 =