Құндылыққа толы құмыралар

0 32

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жаңа музейінде «Әсемдіктің, үндестік пен сұлулықтың нышаны» атты қор көрмесі ашылды.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ұлттық мәдени орталықтардың басшылары және Әзербайжан, Ауғанстан, Корея, Малайзия, Нидерланд, Польша, Чехия, Швейцария, Жапония елшілері мен дипломатиялық өкілдері қатысты.
Көрменің ашылуында сөз алған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат мәдени шараның маңызына тоқталды.
– Әлем жұртшылығының Қазақстанға деген құрметі мемлекет және үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар мен дүниежүзілік компаниялар жетекшілерінің тарту еткен сыйлықтарынан көрініс тауып отыр. Кез келген көрмедегі құнды экспонат еліміздің халықаралық қарым-қатынас орнатудағы тарихы, Елбасының жеке тәжірибесі мен таптырмас саяси көрегендігінің дәлелі екені сөзсіз, – деді ол.
Сонымен бірге Парламенті Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рахымжанов та Тұңғыш Президентімізге тарту етілген дипломатиялық сыйлықтардың өзіндік ғылыми, мәдени әлеуетін атап өтті.
Көрмеге қойылған құнды дүниелерді «Музей топтамасы» ғылыми жобасының зерттеу нәтижесі деп айтуға болады. Оның аясында техникасы мен пішіні жағынан алуан түрлі құмыраның 50-ден астам үлгісі ұсынылды. Айта кетейік, көрме 15 наурызға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 13 =