Құлақ құрышын қандырды

0 18

Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен талантты жас композиторлар, ағайынды Ғаламат пен Нұрали Бейсеқожалардың онлайн концерті болып өтті.

Онлайн кеште ағайынды өнерпаздар өздерінің авторлық шығармаларын жұртшылыққа тарту етті. Концерт шымылдығы «Бақыт құсы» атты күймен ашылды.
Қазір Ғаламаттың жасы он тоғыз­да. Ол осыған дейін қырықтан аса күйлердің авторы болып үлгерген. Ал Нұрали небәрі – он төртте. Оны өнерсүйер қауым еліміздегі ең жас әрі танымал композитор, пианист-скрипач ретінде жақсы біледі. Оның бүгінге дейін жүзден астам туындысы жарыққа шыққан.
«Бүгінгі концерттен алған әсеріміз өте мол. Бәрі ойдағыдай өтті. Өзімізге де үлкен шабыт сыйлады. Халықтың алдында сахнада өнер көрсетіп тұрғандай күйде болдық. Тікелей халықпен бір залда концерт беру бөлек. Бірақ, бүгінгіні – ерекше болған концерттердің бірі деуге болады. Халықтың батасы, ізгі тілектерін оқып отырып, өзімізді бақытты күйде сезіндік» дейді Ғаламат Бейсеқожа.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 4 =