«Құлагерде» журналистер жарысты

0 150

Өткен сенбіде Назарбаев Орталығы «Құлагер» ат спорты-сейіл клубында журна­лис­тердің басын қосты.  

Кәсіби мереке қарсаңында күнделікті күйбең тірлікті бір сәт ұмытқан журналистер екі командаға бөлініп, волейболдан, асық атудан, арқан тартыстан, қап киіп жүгіруден жарысты. Атқа мініп, тақым қыздырды.

Жалпы командалық есепте жеңіс кубогы «Елорда»­ коман­дасына бұйырды. Назарбаев Орталығының ресми өкілі Оксана Лоскутова әріптестерін кәсіби мереке­ле­рі­мен құттықтай келіп:

–Назарбаев Орталығы болашақта елдік, қоғамдық маңызы бар шараларға мұрындық болады. Мәселен, ай басында «Барселона» клубының бапкерлері келіп, футболға қарымы бар балаларды жаттықтырады. Сондай-ақ, орталықтың жетекшілігімен бірнеше кітаптар жарық көреді, – деп алдағы жоспарларымен бөлісті.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 3 =