©2020 Астана Ақшамы
Құбырлар тоттан тазарады
«Астана теплотранзит» АҚ-да қазандықтар мен жылу агрегаттарында кездесетін тотты жоятын инновациялық технологияның таныстырылымы болды.
Компания мамандарының айтуынша, бүгінде қазандықтар мен жылу агрегаттарында болатын тоттың салдарынан жанар-жағармайды көптеп жағуға тура келеді. Оған қоса, аталған қондырғыларды жөндеуге біраз қаражат кетеді.
Мәселен, тоттың қалыңдығы 1 миллиметр болса, қазандық жанар-жағармайды 6-8 пайызға артық жейді. Ал, кейбір жылу агрегаттарында ондай тоттың қалыңдығы 4-6 миллиметрге дейін жетеді. Ондай шығынның көлемі миллиондаған теңгені құрайды.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ