Қуат үнемдегіш шыны зауыты ашылады

0 84

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында елордада қуат үнемдейтін шыны зауыты іске қосылмақ. Осынау инновациялық жобамен айналысатын «ҚазШыныҚұрылыс» ЖШС басшылығы зауыт баламасы жоқ өндіріс орнына айналатынын алға тартып отыр.

Бұл туралы ресми ақпарат таратқан astana.kz сайты «бұл бастама Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында өте өзекті болып отыр» деп атап өткен.

Зауыт елімізді қауіпсіз шыны мен жылу-қуат үнемдейтін әйнек пакеттермен қамтамасыз етпек. Кәсіпорын басшылары өз өнімдеріне робот техникасы мен әлемдік қуат үнемдейтін ең үздік технологияларды қолданамыз деп отыр. Бұл – еліміз бойынша осы саладағы қолға алынып отыр алғашқы жоба. Тың жобаны жүзеге асырғалы отырған «ҚазШыныҚұрылыс» ЖШС былтыр Президенттің «Алтын сапа» байқауында «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жеңімпаз атанған болатын. Олардың өнімдері сапа жағынан да, инновациялық технологияларды қолдану жағынан да үздік деп танылған.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + 20 =