Қосымша техникалар қосылды

0 12

Биылғы қысқы маусымда «Астана Тазалық» және «Астана Зеленстрой» саябақтары 125 бірлік арнайы техникамен және 100-ден астам қосымша жабдықтармен толығады.

«2019 жылы коммуналдық қызметтердің жабдықтарын саралағанда, олардың 30% тозғанын көрдік. Арнайы техникаларды жүйелі түрде жаңартып келеміз. Бұл – жұмыстың қарқынын арттырумен қатар, ауа райына қарамастан күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр коммуналдық қызметкерлердің жұмысына қолайлы. «Астана Тазалыққа» бірінші кезеңде 60 арнайы техника мен қосымша жабдықтар беріліп отыр. Олар – қалақты тиегіштер, тракторлар, минитиегіштер, сыпырғыш машиналар, бірегей жол машиналары және т.с.с. Биыл «Астана Тазалық» пен «Астана Зеленстройдың» паркі 125 арнайы техникамен және 100 қосымша жабдықпен толығады. Олардың біразын көктемгі-жазғы маусымда қолдануға болады» деді Алтай Көлгінов.
Былтыр коммуналдық шаруашылықтардың автопаркі 165 арнайы техника және жабдықпен толыққан. Сонымен бірге, қызметкерлерді ынталандыру да көлеңкеде қалған жоқ. 2019 жылдан бастап олардың жалақысы өсіріліп, сыйақы да енгізілді. Мұндай жағдай жасау биыл да жалғасатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 16 =