Қосымша автобустар қосылады

0 26

1 қыркүйектен бастап елордада 5 бағдарға қосымша автобус қосылды.

«Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігіндегі жолау­шылар ағынын азайтуды жалғастырамыз. Осыған орай, жақсы жаңалықпен бөліссек дейміз. 1 қыркү­йектен бастап 5 бағдарға қосымша автобус қосылды. №12, 37, 50, 52, 56 бағдарлары көбейтіледі» делінген CTS компаниясының хабарламасында. Мәселен, №52 бағдар бірден 5 автобусқа артты, қалғандарына бір-екі автобустан қосылды. Сонымен қазір жүріп тұрған 781 автобус тағы 10-ға толығып, 791 болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + nineteen =