Қос суретшінің көрмесі

0 12

Шетелдік және отандық бейнелеу өнерінің әртүрлі формалары бейбітшілік пен келісім сарайында өткен қос суретші Гарольд Студер мен Юлия Москаленко «L’ art de dialogue» бірлескен көрмесінде ұсынылды.Экспозиция топтамасында атақты швейцариялық, графикалық жұмыс шебері Гарольд Студердің үздік жауһарлары мен қазақстандық жас суретші Юлия Москаленконың бірегей автопортреттік коллаждары жинақталған.
KULANSHI заманауи өнер орталығы жыл сайынғы «Өнер диалогы» жобасы аясында астаналықтарға әлем кереметтері, рухани құндылықтар және табиғаттағы қауіп-қатерлер жайлы мағұлмат беретін өзгеше екі суретшінің бірегей авторлық жұмыстарын таныстырып келеді.
Көрмеге қойылған әртүрлі жұмыс­тар – карантиндік шектеулер кезінде де адамның таусылмайтын ішкі энергия көзі бар екендігінің дәлелі. Атап айтқанда, Гарольд Студердің графикалық еңбектерінде адамның өмірлік жағдайлары мен сыртқы әлемнен қорғансыздығы, сонымен қатар адамның табиғатпен ажырамас, берік байланысы көрсетілген. Ұзақ жылдар бойы литографиямен айналысу Гарольд Студердің тұтас шығармашылық көзқарасына әсер етті, ол қазіргі кезде өзектілігін жоғалт­пайтын адам жанынын суреттеп жүр.
Қазақстанның заманауи бейнелеу өнерінің өкілі Юлия Москаленконың таңдамалы философиялық шығармалары автопортреттік коллаж жанрында лезде көзге түсіп, келушілердің назарын өзіне аударады. Пандемия кезінде ол астаналықтарды жаңа технологиялардың кері әсері туралы ойлануға шақырады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × five =