Қос суретші көрмесі

0 92

24 сәуірде «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының сурет галереясында «Ұлы даланың сана еркіндігі» атты көрме ашылады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында өтетін көрменің ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы, қала әкімдігінің біріккен музейлер дирекциясы, Қазақстан Суретшілер одағы, Нұр-Сұлтан қаласының Жас суретшілер одағы, халықаралық Alem ұйымы.Экспозиция авторы, суретші Маржан Әбілдина жас ұрпақты қолдау мақсатында өзінің қамқорлығындағы суретші Ева Верченконы таныстырады. Маржан Әбілдина – «Музей кеңістігіндегі куратор» бағыты бойынша АҚШ музейлері кураторларының халықаралық қауымдастығының ресми өкілі. Сеулдегі Korean Foundation, Alliance Francaise, Франциядағы Art Capital Grand Palace әлем музейлері бірлестігінің, Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының да ресми өкілі. БАӘ-дегі Art Dubai халықаралық жобасының шақырылған VIP кураторы, Түркияның ARUCAD креативті өнер және дизайн университетінің ресми өкілі. Көркемдік сахналық костюмдер саласында италиялық және франциялық «Оскар» сыйлығын иеленген суретшілермен жұмыс тәжірибесі бар. Шетелдердегі түрлі театр алаңдарына шақырылған суретші.
Маржан – Қазақстандағы көркемдік өнер процесінің белсенді қатысушысы, ха­лық­аралық және өңірлік ауқымдағы түрлі көрмелердің кураторы әрі бас суретшісі. Ол көптеген жылдар бойы қайырымдылық жұмыстарымен айналысады, балалар шығармашылығын қолдайды және дамытады. Бірнеше рет балалар мен жасөспірімдердің, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың елордада көрмелерін ұйымдастырды.
Ал Ева Верченко – жас суретші. Бұл көрме оның өнер жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ. Қазіргі уақытта ол өзінің шығармашылығын жетілдіруді қарқынды түрде жалғастыруда.
Екі суретшінің шығармашылық ынтымақтастығы қазіргі заманғы өнердің бағытын көрсетеді. Онда адам өзінің сезімдері, эмоциялары мен сана әлемін елестете алатын еркін кеңістікте болады.
Көрме 20 мамырға дейін, бір айға жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − 5 =