ҚОС ОБЛЫС ҚОРЖЫНЫМЫЗДЫ ТОЛТЫРДЫ

0 123

_MG_0191

Қасиетті Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келген бұл жолғы жәрмең­кеде қала халқы бір сәтте, бір жерде еліміздің екі аймағын аралап шық­қандай әсерде болды. Яғни, Қазақ­стан­ның орталығынан орын тепкен Қарағанды мен батысындағы Ақтө­бе­нің арасын жақындатқан жәрмеңке – ел бірлігінің тағы бір айғағы.

Екі облыс елордалықтарға 1000 тоннадан аса өнімін ұсынды. Тауар­ларын нарықтық бағадан 15-20 пайыз төмен бағада сатты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан дорба-қабын арқалай келген қарақұрым халықты қара­ған­дылықтар Жаңарқа қымызымен жарылқаса, сол жағында ақтөбе­лік­тер әуіт жасап, Ырғыз ба­лығы­ның ырысына кенелтті.

Дәстүрлі игі шараның ұйым­дас­­тырылуына бас болып жүрген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов жәрмеңкеде тігілген сауда шатырларын аралап шықты. Өңір әкімдері шаһар басшысына өз өнімдерін таныстырды. Елорда әкімі өңірлер жәрмеңкесі тек тауарларын саудалау ғана емес, үздік өнімдердің көрмесі екендігін атап өтті.

Қарағанды облысы 60 шатыр ті­гіпті. Сонымен қатар, бауырсақ және қымыз фестивалін ұйымдастырып, даладай дастарқанынан дәм тат­қызды. Жәрмеңкеге 828 тонна ауыл­ша­­руашылық және тамақ өнер­кәсібі өнімдері қойылды. Атап айтсақ, 60 тоннаға жуық ет, 500 мың дана жұмыртқа, 15 тонна сүт өнімдері, 6 тонна балық, 2 тонна қымыз, 1,6 тонна бауырсақ, 450 тонна картоп, 250 тонна көкөніс, 8 тонна шұжық өнімдері, 36 тонна басқа да азық-түлік түр­лерімен сөрелері сықасып тұрды.

_MG_0243

Ал, Ақтөбе облысынан 326 тонна өнім әкелінген. Соның ішінде 50 тонна ет, 5 тонна сүт өнімдері, 5 мың жұмыртқа, 202 тонна картоп пен көкөніс, 5 тонна балық өнімдері, 7 тонна өсімдік майы, 7 тонна шұжық, 45 тонна басқа да өнімдер.

СҮБЕЛІ СӨЗ

Архимед Мұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі:

– Бұл – Астанада ұйымдастырып отырған үшінші жәрмеңкеміз. Біздің өңірде шаруашылық жақсы қарқынмен дамуда. Жиналған күздік астықтарымызбен бірге бірнеше балық түрлерін әкелдік. Жәрмеңке – өңірлер­дегі ауыл шаруашылығының дамуына ерекше серпін
беретін дәстүр.

 

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

– Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде айтарлықтай нәтиже көрсетудеміз. Әсіресе, кар­топтың өнімділігі жоғары деуге болады. Қазіргі таңда қарағандылық өнімдер еліміздің барлық нарығында жоғары сұранысқа ие, әсіресе, Астанада бұл көрсеткіш
к
өңіл тоғайтарлықтай.

Жәрмеңкеде Ақтөбе облысына қа­расты 12 аудан мен Ақтөбе қаласы­ның ауыл шаруашылығы өнімін өнді­руші үздік 120 кәсіпорын 34 сауда шаты­рында өз тауарларын сатылымға қойды.

Облыстың қайта өңдеу өнеркәсіп орындары «Айс», «Молочные истории» ЖШС-нің сүт өнімдері, «Ақтөбе нан өнімдері комбинаты», «Рамазан», «Ақтөбе-нан» ЖШС-нің ұн және макарон өнімдері, «Рокос», «Степное», «Бал-Юн» ЖШС-нің шұжық және еттен жасалған жеңсік астардың алуан түрі ұсынылды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 4 =