Қос балуан – жеңіс тұғырында

0 26

Ақтау қаласында өткен дзюдодан ел чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының қос балуаны жеңімпаз атанды.

Әйелдер бәсекесінде 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Ақмарал Науатбек финалда Ғалия Тынбаеваны жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды. Ал 81 келі салмағында Мәди Амангелді ақтық сайыс­та Абылайхан Жұманазарды (Қызылорда облысы) ұпай бойынша жеңді.
– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Карантинге байланысты жарыстар өтпеген соң, балаларға тактикалық тұрғыдан қиын болды. Бірақ спортшыларымыз жоспарлағанымыз­дай, екі алтынға қол жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға ие болды, – дейді дзюдодан Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының аға жаттықтырушысы Мейірлан Баймаханбетов.
Жарысқа 14 облыстан, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан барлығы 273 дзюдошы қатысқанын айта кетейік.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 19 =