Қоржында – қос қола

0 55

Елордалық спортшылар Динара Сәдуақасова мен Меруерт Камалиденова әйелдер арасындағы шахматтан командалық әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды.

461b0b28b21ea4359d244f11268f63ae

Испанияның Ситжес қаласында шахматтан әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 12 елінен үздік шахматшылар қатысты. Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова екінші тақтада ойнап, жеке есепте қола жүлдені жеңіп алды. Ол тұрақты әрі сәтті ойын көрсетті. Жеке есепте 16 жастағы шахматшы, халықаралық шебер Меруерт Камалиденова екінші орынға ие болды. Үшінші тақтада ойнаған елордалық спортшы Үндістан мен Украина командаларына қарсы ойында жақсы нәтиже көрсетті.

Командалық есепте ел құрамасы үздік төрттікке шықты. Біріншіліктің жеңімпаздары ресейліктер болды. Үндістан құрамасы екінші орынды иемденді. Үшінші орынды Украина мен Грузиядан келген шахматшылар өзара бөлісті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 − 1 =