Қоржында – 11 алтын

0 21

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубайда 9-10 шілде күндері джиу-джитсудан халықаралық турнир өтті. Әлемнің 15 елінен мыңнан аса спортшы «GI» және «NO GI» бойынша бақ сынады. Байрақты бәсекеде елордалық спортшылар қарсылас шақ келтірмей,
11 алтын, 1 күміс 1 қола медаль жеңіп алды.Дүбірлі додада ұлттық құрама мүшелері Ислам Мамилов (77 кг) пен Галина Дуванова (55кг) өз салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақса, Нұржан Батырбеков «NO GI» санатында бірінші орын, ал «GI»-да екінші орын алды.
Сондай-ақ жасөспірімдер арасында ұлттық құрама мүшелері Әлібек Әбілқайыр (60 кг) мен Томирис Бекмурзина (52 кг) жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды.
Арман Сатыбалдин (62 кг), Асхат Нұрғажинов (77 кг), Азамат Истамбеков (69 кг), Әсел Адамова (55 кг), Рүстем Кәрімов (85 кг), Абдурахман Самарханов (66 кг) жеңімпаз атанып, әнұранымызды асқақтатса, Адамбек Нариманов 94 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары халықаралық бәсекеде құрама қоржынына 13 медаль салып, ел мерейін үстем етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + three =