«ҚОРҚЫТТЫҢ» ЖАҢА МАУСЫМЫ

0 110

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының ІІІ концерттік маусымы 7 қазан күні «Астана» концерт залында «Өмір-дастан» кешімен ашылады.

Кеште Нұрғиса Ті­лендиев, Кенжебек Кү­місбеков сынды музыка майталмандарының және Айтқали Жайымов, Ермұрат Үсенов, Серік Әбдінұров, Ержан Тоқсабанов, Нұрлан Бекенов сияқты композиторлардың және топтың көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбектің музыкасы орындалады.
Бұл топ 12 адамнан құралған. Олардың әр­қайсысы бір емес, бірнеше музыкалық аспапты еркін меңгерген. «Қорқыттың» өзге өнер ұжымдарынан ерекшелігі сол.
Бұдан бұрын дәстүрлі саз тобы «Ғасырлар толғауы», «Аманат», «Ұлы дала» атты концерттік бағдарламаларымен және топ же­-
текшісінің «Астана – менің шабытым» атты шығармашылық кешіне қатысып, көрер­мен­дерді тәнті еткен.

Аманғали Қалжанов

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 4 =