©2020 Астана Ақшамы
Қорқор тартуға шариғат қалай қарайды?
Ербол МӘМБЕТОВ, Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешіттің найб-имам
Мәселен, Ислам дінінде темекі шегуге мәкруһ, яғни өте жағымсыз амал деген үкім шығарылған. Ал, кальян шегудің адам денсаулығына келтірер зияны темекіден әлдеқайда зор болып тұр ғой. Сондықтан, оның да мәкруһ екені айқын. Оның үстіне, темекі шегу де, кальян шегу де құмар болып саналады.
Қасиетті Құран-Кәрімнің «Бақара» сүресінде «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге түсірмеңдер» деген жолдар бар.
Біздің дініміз адам денсаулығына үлкен көңіл бөледі. Себебі, Алла тағала адам баласының келбетін ерекше етіп жаратқан және ол Алланың аманаты болып табылады. Сондықтан, адамның өз денсаулығына немқұрайлы қарауы Алланың аманатына қиянат болып саналады.
Кальян жайында әңгіме қозғағанда «мұны араб елдерінде де пайдаланады ғой» деген пікірлер айтылып жатады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) араб елінен шыққаны рас, бірақ солай екен деп, араб ұлтының әрбір әдетін үлгі тұтпауымыз керек. Шариғатта көрсетілген амалмен жүруіміз қажет.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы темекінің үкімін харам деп бекітіп берген. Менің ойымша, кальянға да сондай үкім шығару керек.
Шынар ДОСАН